Бақыт Шадаева Димаш туралы: “Тағы да айтамын. Ол дауысын дұрыстап қою керек” - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақыт Шадаева Димаш туралы: “Тағы да айтамын. Ол дауысын дұрыстап қою керек”

Бақыт Шадаева Димаш туралы: “Тағы да айтамын. Ол дауысын дұрыстап қою керек”

Әнші Бақыт Шадаева El.kz ақпарат агенттігінің YouTube-тегі “Базарlike” бағдарламасында Димаш Құдайбергенннің үлкен сахнаға шығуына өзінің тікелей атсалысқанын айтып қалды.

  • 12 Маусым 2023
  • 1655
Фото - Caravan.kz


“Біздің кәсіби маман ретінде айтатын дүниеміз бар. Бірақ оны халыққа түсіндіре алмайсың. Менің мақсатым – айтқан сынымның Димаштің өзіне жетуі. Естіген соң істей ме, жоқ па өзі біледі. Өнерде болғандықтан біз оның биіктен көрінгенін қалаймыз. Бізге қойылатын талаптың бірі, әнші халықтың алдында әр қашан мықты, жоғары болу керек. Сондықтан мықты, биікте болсын деген ниетте айтылған әңгіме”, – дейді Бақыт Шадаева.

Өнер иесі Димаш Құдайбергенге айтқан сынынан кейін әншінің анасы Света Айтбаева ренішін білдірген екен.

“Димаш ренжіді ме, жоқ па білмеймін. Бірақ шешесінің және жанкүйерлерінің ренішін білдіргенін естігенмін. Негізі мен жаман оймен айтқан жоқпын. Менікі дауысын қойып, дауысымен айналыссын деген кәсіби көзқарас. Керісінше, ол маған: “Бәке, жарайды, мен түсіндім” деп айтуы керек еді. Бірақ оның өз шешімі бар. Ол өзін биікпін деп санап тұрса, сол биікте жүре берсін”, – дейді өнер иесі.

Бағдарлама жүргізушісінің: “Димашқа үлкен сахнаға жол ашқан менмін” депсіз. Сол рас па? Димаштың қазіргі орындаушылық қабілетіне көңіліңіз тола ма?” деген сауалына әнші: “Иә, байқауларға қатысып жүргенде көбіне ұтылып жүрді. Неге? Барлық мәселе оның дауысының қойылмауында. “Жас қанат” байқауына қатысқанда да сол қателіктер болып жатты. Сонда біз қазылар алқасы болып жиналғанда өзара әңгіме айттық. Жюрилердің біреуі де Димашқа дауыс бермеді. Сонда мен “қатысушылардың арасында дауысы мықты әнші – Димаш” деп айттым. Димаштың дауысы керемет, Құдай берген, генетикалық түрде келген дүние. Сол дауыспен дұрыс бағытта жұмыс істесе, Димаштың есімі ешқашан ұмытылмайды. Сол байқауда мен Димаш үшін шырылдап дауыс бергіздім. Мен қоймай: “Қатысушылардың арасында ең мықтысы – Димаш. Мүмкіндік беріп көрейік” деп бас жүлдені бердік. Жюридің арасында Айман Мусаходжаева болды. Ол кісі Димашты өз қамқорлығына алатынын айтты. Сол кезде біз оған бас жүлдемен қоса оқуға жолдама бердік. Оның бәрі менің жанашырлық танытқанымның арқасы. Дауысына көңілім толатын болса, мен бұлай айтпайтын едім. Әлі де жұмыс істеу керек. Тағы да айтамын, Димаштың дауысы керемет, мүмкін әлемде жоқ дауыс шығар. Бірақ ол дауысын дұрыстап қою керек”, – деп жауап берді Бақыт Шадаева.

Соңғы жаңалықтар