Бақыт Сұлтанов ҚР Сауда және интеграция министрі боп тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақыт Сұлтанов ҚР Сауда және интеграция министрі боп тағайындалды

Бақыт Сұлтанов ҚР Сауда және интеграция министрі боп тағайындалды

Комитет ҚР Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін Бақыт Тұрлыханұлының Сұлтанов кандидатурасын ұсыну мүмкіншілігі туралы қорытынды қабылдады.

  • 17 Маусым 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында ҚР Сауда және интеграция министрінің лауазымына тағайындалатын Бақыт Сұлтановтың кандидатурасы бірауыздан мақұлданды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Комитет ҚР Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін Бақыт Тұрлыханұлының Сұлтанов кандидатурасын ұсыну мүмкіншілігі туралы қорытынды қабылдады.


Айта кетейік, бұған дейін саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында Нұр-Сұлтанның бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтанов жаңа құрылатын сауда министрлігін басқаруы мүмкін деген болжам жасаған болатын.

Соңғы жаңалықтар