Жарияланды: 1800

"Бақыт жетіспейді": Мәдина Сәдуақасованың күйеуіне көңілі толмай жүр ме?

"Бақыт жетіспейді": Мәдина Сәдуақасованың күйеуіне көңілі толмай жүр ме?

Мәдина Сәдуақсаованың осы аттас жаңа әні тыңдармандар тарапынан көптеген сұрақтың туындауына себеп болды. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Инстаграм желісіне "Бір бақыт" атты су жаңа әнін жүктеп, "десем де бір бақыт жетпейді" деп жазған әнші көпшілікке күмән қалдырды. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina) on

"Бір бақыт"...
Әні, сөзі: Марат Балмырза

"Жанымның,
Дертіне еріксіз бағындым..
Соңынан ердім бе сағымның..
Еркіме күш жетпейді.
Жарығым,
Күлсем де ішімнің бәрі мұң,
Алаңсыз кездерді сағындым...
Бұл сезім неге өтпейді!? Қайырмасы:
Бар мұңыма жұмып көзімді,
Төзіміме байлап сезімді...
Келемін алдаумен өзімді, өзімді...
Болса да аңсарым көп мейлі,
Білемін бұйырған кетпейді,
Десем де бір бақыт жетпейді, жетпейді... Құс болып,
Ұшсамбекен қайта түс көріп,
Қанатыңды қағып жанымнан,
Сен өтерсің күш беріп...
Күтермін,
Жетпесем жетпей-ақ өтермін,
Шын бақыттың жолы ауыр ма?!,
Ал мен соны көтердім...". 

Әлеуметтік желіде "Күйеуіңе көңілің толмай жүр ме?", "Не құтырғандық сенікі. Байың бар, балаң бар", "Шын махаббат жетіспейді саған", "Осы Мадинаның байы қайда? Ай қарап жүр ма?" деген түрлі сыни пікір жазылды. 

Ал әншінің соңғы кездегісуреттері көпшіліктің ашуына тиді. 

"Кәмшатқа көзіміз үйреніп қалып еді. Сенің байың бар, балаң бар. Ұят емес пе?", "Жазушының келініне тым ұят", "Мына түрің тым оғаш емес пе?" деген пікір толассыз жазылуда. 

Бірақ әншінің сұлу бейнесіне тамсана, қызыға қолдап пікір жазғандар да жетерлік. 

"Неткен сұлулық", Өте сұлусыз", "Тым жасарып кетіпсіз ғой" деп жазды әншінің оқырмандары. 

 
 
 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін