Бақытбек Есентаев Баянның қансырап жатқанын 45 минут бойы бақылап тұрған - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақытбек Есентаев Баянның қансырап жатқанын 45 минут бойы бақылап тұрған

Бақытбек Есентаев Баянның қансырап жатқанын 45 минут бойы бақылап тұрған

Оқиға орын алған 10 маусым күні Бақытбек Есентаев өзінің әйелін соққыға жығып, қатарынан төрт рет пышақ сұққаннан соң оны жанармай құю стансасы жанындағы көлікте ұзақ уақыт ұстаған.

  • 2 Қыркүйек 2016
  • 1165
Фото - Caravan.kz

Ол жедел жәрдем де шақырмаған. Ал Баян Есентаева қансыраған күйі күйеуінен өзін өлтірмеуін сұрап жалбарынған. Осылайша оқиға орнына олардың қыздары келіп жедел жәрдем шақырғанша 45 минут өткен. Бұл жайында «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісімен сұхбаттасқан қорғау органындағы дерек беруші сотқа дейінгі тергеу материалдарына сүйене отырып хабарлады.

«Әйелдер ер адамдарға қарағанда төзімді келеді. Мәселен, әйелдер 1,5 литрға дейін қан жоғалтып, кейін асықпай қалпына келтіре де алады. Ал ер азаматтар 0,5 литр қан жоғалтса есеңгіреп қалар еді», — дейді ҚазАқпарат агенттігінің тілшісімен әңгімелескен құқық жүйесінде ұзақ жылдар қызмет еткен дереккөз.

Оның айтуынша, Баян Есентаеваны аудандық ауруханаға жеткізгеннен соң оған 3 сағатқа жалғасқан ота жасалған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, аппаратта бақылауда болды. Ал оның күйеуі Бақытбек Есентаев Талғар аудандық АІІБ жеткізілген.

Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106 «Адам денсаулығына ауыр жарақат салу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді Талғар АІІБ тергеу бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Алайда, кейіннен іс Алматы облыстық ІІД арнайы тергеушілеріне берілген. Сонымен қатар, қылмыстық іс «кісі өлтіру үшін қастындық жасау» бабына ауыстырылған.

«Барлық тергеу жұмыстары жүргізілді. Бақытбек Есентаев жұбайымен бірнеше рет бетпе-бет кездескенде тіпті мың рет кешірім сұрауға мүмкіндігі болды. Ал БАҚ-та жазылып жатқанның басым бөлігі ойдан шығарылған», — дейді біздің әңгімелесушіміз.


Бұдан бөлек, Бақытбек Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітов қазір оған тағылған «кісі өлтіру үшін қастандық жасау» туралы айыпты Қылмыстық кодекстің 106 бабына яғни әу бастағы «денсаулығына ауыр жарақат салу» бабына ауыстыру үшін барынша әрекет етуде.

Қазіргі күні тергеу аяқталды. Айыпталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабы 3 бөлімі арқылы 99 бабы 1 бөліміне, яғни «кісі өлтіру үшін қастандық жасау» бойынша айып тағылған. Қылмыстық іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына берілді. Сот процесі Қаскелең қаласындағы №2 сотта өтуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар