Бақытгүл Хаменова коронавирусқа қарсы вакцина салдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақытгүл Хаменова коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Бақытгүл Хаменова коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Атырауда облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

  • 1 Ақпан 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат.-қа сілтеме жасап хабарлады. 

 Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпті вирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілген. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 24 мекемеде вакцина салуға арналған орындар жасақталған. Оның ішінде 15-і мемлекеттік, қалғандары – жекеменшік медициналық ұйымдар. Вакцина слатын 16 пункт қалада орналасқан. Ал, Мақат ауданында 2, басқа аудандарда бір пунктен бар.

Атырау қаласындағы №3 емханада «Спутник V» вакцинасын облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов, облыстық онкологиялық диспансердің директоры Эльмира Сапарова, облыстық аурухана директоры Ербол Иманғалиев салдырды. «Вакцина алмас бұрын дене қызуымды өлшеді. Екпе салу кабинетінен шыққаннан кейін дәрігердің бақылауында болдым. Жағдайым қалыпты. Енді 21 күннен кейін вакцинаның екінші бөлігін аламын», — деді Бақытгүл Хаменова. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы әкелінетінін, коронавирус вакцинасын салу үшін 22 емханадан орын дайындалғанын хабарлаған едік.


 

Соңғы жаңалықтар