"Бақытты жар, ерке әйел болдым": Роза Рымбаева алғаш рет өзінің енесі туралы айтты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бақытты жар, ерке әйел болдым": Роза Рымбаева алғаш рет өзінің енесі туралы айтты (ВИДЕО)

"Бақытты жар, ерке әйел болдым": Роза Рымбаева алғаш рет өзінің енесі туралы айтты (ВИДЕО)

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүрегеніне 50 жылға жуықтаған. 

  • 16 Қараша 2021
  • 340
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әншінің сахнада жүргеніне 50 жылға жуық уақыт болған. Осыған мерейтойға орай кино түсіріліп жатқандығын айтты. "Сценарий жазылды. Нақты өзімнің аузымнан айтылған фактілер. Нағыз өз өмірімнен алынған. Карантин бітіп, 50 жылдығымызды атап өткеннен кейін сахнада болам ба, болмаймын ба оны бір Алла біледі", дейді әнші. 

Әнші балаларымен, келімінен бір шаңырақ астында тұрып жатқандығы туралы да айтты. 

«Мен балаларыммен, келініммен бақыттымын. Келінім демеймін, қызым деймін. Олар да мені бақытты етіп жүр. Олардың жүріс-тұрысы, маған деген көзқарасы, өздерінің күнделікті мінезі, жасап жүрген дүинелеріне қарап, тәубә, құдайға шүкір деймін», деді ол. 

«Менің енем марқұм Батима апа мен атам Оқап ата ауылда тұрды. Ауылға барып, Алакөлге жыл сайын шомылып, ол кісілерге еркелеп қайтатынбыз. Өте зиялы адамдар болды. Ол адамның тегінде, қанында болады екен ғой. Ана арқылы беріледі екен. Менің жолдасымның, Әлидің тектілігі сол апаларынан берілген. Олардың ортасында мен де жақсы-жақсы, керемет қасиеттерді өзіме қабылдадым. 

Тағдыр адамның маңдайына жазылатын дүние ғой. Менің ең бақытты кезім — ана атанған кезім. Сондай-ақ, марқұм жолдасыма тұрмысқа шыққаным. Бақытты жар, ерке әйел болдым. Сол кісінің басшылығымен, сол кісінің демеуімен «Халық әртісі» деген деңгейге жеттім. Сондықтан, барлық жағынан мен бақыттымын. Қазіргі өмірім де бақытты. Себебі, балаларым өсті, жігіт болды. Келінім бар. Ендігі тілегім — осы бақытым жалғаса берсе екен», — деді.


https://www.youtube.com/watch?time_continue=418&v=FH-6MSKLxr8&feature=emb_logo