Бақытжан Сағынтаев тағы бір қызметке сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақытжан Сағынтаев тағы бір қызметке сайланды

Бақытжан Сағынтаев тағы бір қызметке сайланды

 

  • 12 Тамыз 2022
  • 33
Фото - Caravan.kz

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев 10 тамызда Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі бойынша қауымдастықтың Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуразиялық экономикалық комиссия сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, жалпы жиналыстың жұмысы барысында қауымдастық президенті болып SLC-Rus негізін қалаушы Ли Шобин (Қытай) сайланды.

Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының — Еуразияның 26 ​​елінен кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.


Бұған дейін Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) болып тағайындалған болатын.