Барак Обама: "АҚШ Украинаны демократиялық гүлденген елге айналдыруға көмектеседі" - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барак Обама: "АҚШ Украинаны демократиялық гүлденген елге айналдыруға көмектеседі"

Барак Обама: "АҚШ Украинаны демократиялық гүлденген елге айналдыруға көмектеседі"

АҚШ Президенті Барак Обаманың пікірінше, Вашингтонның қолдау көрсетуі Украинаға жарқын болашақ сыйлай алады,

  • 4 Маусым 2014
  • 448
Фото - Caravan.kz

деп бүгін АП агенттігі мәлімдеді.

«Украина егер АҚШ пен халықаралық қоғамдастық қолдау көрсететін болса гүлденген демократиялық жарқын елге айналады», — деп Б.Обама Украина Президенті Петр Порошенкомен Варшавада кездесуден кейін атап көрсетті.

Б.Обаманың айтуынша, украиндықтар күш көрсету мен жемқорлықтан бас тартып, президент сайлауы кезінде демократияны таңдап алды.

Б.Обама өзге елдер П.Порошенко мен жаңа үкіметке көмек көрсетуі тиіс екенін, оның ішінде украиндық және әскерлер мен полицейлерді оқытуы керек екенін атап өтті.


П.Порошенко АҚШ-қа көмегі үшін алғыс білдірді және елде бейбіт қайта құрулардың маңыздылығын атап көрсетті.