Барак Обама қаржыгерлерді табысын кедейлермен бөлісуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барак Обама қаржыгерлерді табысын кедейлермен бөлісуге шақырды

Барак Обама қаржыгерлерді табысын кедейлермен бөлісуге шақырды

АҚШ Президенті Барак Обама елдегі кедейлікпен күресу үшін Американың бай тұрғындарын салықтан жалтармауға шақырды. 

  • 13 Мамыр 2015
  • 318
Фото - Caravan.kz


Би-Би-Си тілшісінің айтуынша, Вашингтондағы Джорджтаун университетінде өткен кедейлікпен күрес тақырыбындағы саммитте сөйлеген сөзін 

Обама алдын ала дайындамаған, сол жерде айтылған мәлімдеме. Жиында Обама хедж-қордың басшылары секілді ірі байларды лоторея жеңімпаздары, өмірде жолы болып кеткендер деп атады. 

Оның айтуынша, АҚШ-тың 25 қаржы менеджерінің жалақысы елдегі бүкіл балабақша тәрибешілерінің жалақысына тең болуы — әділетсіздік. 
БАҚ өкілдерінің бағалауынша, Обаманың 2016 жылғы сайлау науқанының тақырыбы осы табыс, жалақы теңсіздігі болмақ.