Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Қызым жоқ. Сондықтан қыздың тәрбиесі туралы ештеңе дей алмаймын, бірақ “қызға қырық үйден тыю” деген атам Қазақтың сөзі бар екенін білем.
Мұхтар Жакишевтың қызының қара нәсілді жігітке тұрмысқа тиюі және қазақи қоғамда соған деген реакциясын көріп отырмын. 100% демесем де, біраз адамның көңілі қалған сияқты.
Жастар бақытты болсын. Адамдарды нәсілге бөлмеймін, өзімнің де әр нәсілден жолдас-жора достарым бар. Бірақ балаңның бір қадамы, сенің жылдар бойы жинаған абыройыңа әсер ететініне куә болып отырмын.
Бұл кейс ойландырып тастады. Ертең біздің бұзықтар қандай келін әкелетінін бір Құдай біледі. Барак Обамадай бір құдамен төс қағыстырып, крокодилдың басын мұжып жеп отырсақ, талай блогер: “Елім-Жерім деген Самат Нұртазаның келіні өзге ұлт екен” деп көсіліп жазатынына күмәнім жоқ”, — деді депутат.
Естеріңізге сала кетейік, қара нәсілді азаматқа тұрмысқа шыққан Мұхтар Жәкішовтың қызын көпшілік қауым сынға алып, тіпті “сатқындыққа” теңегендер де бар.