Жарияланды: 60

"Барамын, несі бар": Маржан Арапбаева сұлулығын сақтау үшін кімнің көмегіне жүгінді

"Барамын, несі бар": Маржан Арапбаева сұлулығын сақтау үшін кімнің көмегіне жүгінді

Маржан Арапбаеваның сұлулығын сақтау үшін қандай қадамға барғаны белгілі болды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Танымал өнер жұлдызы сұлулығының құпиясын бөлісті. Бүгінде тыңдарман арасында бет-әлпетін жасанды жолмен өзгерткен әншілердің қатарына жатқызылған Маржан Арапбаева әдемі бейнесін сақтау үшін қандай ота жасатқанын жайып салды. Тіпті алдағы уақытта жақсы маман тапса, пластикалық от жасатуға да қарсы емес екенін жеткізді ол. 

"Біріншіден, спорт, екіншіден, косметолог. Бетті дұрыстау, сәл әжім түссе жүгіріп барып витамин салып тастау дегендей. Жасыратын несі бар? Ал енді кезі келе ме, менің ойымша, 4-5 жылда уақыт та жақындап қалды. Мен жақсы дәрігер хирург тапсам, барамын несі бар", - дейді Маржан Арапбаева.  

Өнер иесі отаны қай жерде жасатқанын бөлісті. Өзінен қаражатын аямайтын әнші осылайша ағынан жарылған. Спортты да жақсы көретінін жасырмады Маржан Арапбаева. 

"Мен ешқашан да жасырмаймын. Қабағымның жоғарғы жерін Алматы қаласында жасатқанмын. Бірақ мұрнымды, бетімді ешқашан тарттырған емеспін. Өзімнен аямауға тырысамын. Ал қарапайым өмірде қарапайым Маржанмын", - дейді Маржан Арапбаева. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін