Жарияланды: 20

«Бәрі немесе ештеңе»: «Смит&Вессон» трагикомедиясы «Ниагара сарқырамасы» пьесасына негіз болды

«Бәрі немесе ештеңе»: «Смит&Вессон» трагикомедиясы  «Ниагара сарқырамасы» пьесасына негіз болды

Танымал итальяндық драматург Алессандро Барикконың «Смит& Вессон» трагикомедиясы «Ниагара сарқырамасы» пьесасына негіз болды. Бұл «бәрі немесе ештеңе» бәске тігілген өмірлік жарқын оқиға!

Американдықтардың өмірден өз үлесін алу туралы арманы кейіпкерлерді көзсіз әрекеттерге итермелейді. Бұл  газеттегі қызықты тақырып өмірден де маңызды болған кездегі соқыр тәуекелге барғандар туралы оқиға.

Жолы болмай жүрген екі кейіпкерді жас әрі өршіл журналист бір жобаға қатысуға шақырады. Оның өзі атақ пен даңққа құштар. Оған бұған жетудің ең оңай жолы - Ниагарадан секіру болып көрінеді. Барлығы дұрыс есептеліп, ойластырылған жөн. Кейіпкерлер сарқыраманы бағындырудың қауіпсіз тәсілдерін ойластырады. Үміт пен уайым, күмән мен жоспарлар, қысқасы бірнеше айлық өмір жиынтығы көрермендердің көз алдынан өтеді.

Пьесада орындалуы мүмкін емес ойдан жеңіске жету туралы арман мен жетістікке деген сенім туындайды! Театр бұл қойылымды барлық отбасы мүшелеріне көруге ұсынады. Өйткені онда өмірдің маңызды құндылықтары: достық, махаббат, жақсылыққа үміт және сәттілікке деген сенім туралы айтылады!

Бүгінде көптеген адамдар Ниагараны бағындыруға тырысқан әйел туралы оқиғаны аңыз деп санайды. Біздің кейіпкерлеріміз табиғат заңына қарсы шығуды және бүгінгі күнмен өмір сүруді үйренуді шешті! Бұл не: үлкен ұран немесе жасырын көмек сұрау ма? Таңдау жасау көрермен еншісінде.

Сахнадағы өзіндік көрініс, таңқаларлық театрлық үйлесім, актерлердің музыка ырғағымен жасаған керемет ойыны біздің құрметті көрерменді таңқалдырады және сізді бір сәтке Ниагара сарқырамасының суық суларына алып барады

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін