Бәрі ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткен екі жасар баланы полиция іздеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бәрі ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткен екі жасар баланы полиция іздеп жатыр

Бәрі ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткен екі жасар баланы полиция іздеп жатыр

Алматының Алатау ауданында жоғалып кеткен екі жасар баланы полицейлер осымен екінші тәулік іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews

  • 25 Тамыз 2017
  • 446
Фото - Caravan.kz

Алматының Алатау ауданында жоғалып кеткен екі жасар баланы полицейлер осымен екінші тәулік іздестіріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бала үйдегілер ұйықтап жатқанда сыртқа шығып кеткен. 24 тамызда қалалық ІІД-нің Жедел басқару орталығына "Шаңырақ-2" ықшамауданындағы үйлердің бірінен екі жасар баланың шығып кетіп, жоғалғаны жайлы хабар түскен. "Жедел тергеу тобы құрылып, құрамына криминалдық полиция, учаскелік инспектор және ювенал полициясының өкілдері кірген мобильді топтар құрылды. Шешесі баласы 2015 жылғы Есімхан Аниздың жоғалғанын күндізгі 11-лерде анықтағанын айтты. Айтуынша, үйдегілер ұйықтап жатқанда бала шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Полицияға хабар бергенге дейін туыстары оны өздері табуға тырысқан, алайда таба алмаған. Қазіргі уақытта жоғалған баланы табуға жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр", — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.



Баланы іздестіруге алматылық полиция гарнизонының бүкіл құрамы көтерілді. Сонымен қатар, ІІД өкілдері қаладағы азаматтарға Есімхан Аниздың қайда екені жайлы мәлімет білетіндерден 227-55-00; 227-55-01; 227-55-02 227-55-39, 8-707-470-17-01, 8-775-225-79-76, 8-778-468-95-08, 8-702-284-11-13, 8-702-561-15-98 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрап отыр. Баланың белгілері: бойы 70-80 см, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қара, мұрны орташа, ерні қалың емес, құлағы қалқиған, қастары доға тәрізді. Ақ свитер мен көк аяқ киім киген.
 

Соңғы жаңалықтар