Барлық кәмелеттік жасқа толмағандарды алалаудан қорғауды күшейту қажет - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барлық кәмелеттік жасқа толмағандарды алалаудан қорғауды күшейту қажет - Бас прокуратура

Барлық кәмелеттік жасқа толмағандарды алалаудан қорғауды күшейту қажет - Бас прокуратура

Астана. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура барлық кәмелеттік жасқа толмағандарды алалаудан қорғауды күшейту қажет деп есептейді. Бұл туралы кеше Қазақстан Республикасы үкіметінің жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі мекемеаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мемлекеттік органдардың заңдылығы мен қызметін қадағалау департаментінің бастығы Андрей Кравченко хабарлады.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 832
Фото - Caravan.kz

«Кәмелеттік жасқа толмағандарды барлық алалау, денелей және психикалық жәбір көрсету оқиғаларынан қорғауды күшейту қажет. Мұндай жағдай орын алса, оларды ерекше жариялап, арнайы тізімге енгізу керек», — деді А. Кравченко.

Оның пайымдауынша, «кәмелеттік жасқа толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсау немесе соған ұмтылу фактілерінің барлығының тиісті мекемеаралық тіркеуін енгізу керек». Сондай-ақ, «жасөспірімдердің денелей, сезімдік және әлеуметтік титықтау белгілері мен симптомдарын анықтауға бағытталған ата-аналар мен педогогтарды оқыту ісін қолға алу керек», — деді департамент бастығы.

Сонымен қатар, Бас прокуратура «жасөспірімдер мен кәмелеттік жасқа толмағандарға психологиялық көмек беру орталықтарын ұйымдастыру қажет деп санайды. Онда аты-жөнін тіркемейтін қызметті және сенім телефонын орнатқан жөн». Сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі психологтар қызметінің нәтижелілігін бақылауды күшейткен дұрыс.

А. Кравченко, Бас прокуратура «Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау» деген тақырыпта жүргізген сараптамасын еске салды. Онда «2005-2007 жылдар аралығында кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған өзіне-өзі қол жұмсау деректері және соған ұмтылыстар» жинақталып көрсетілген.

Аталмыш сараптама республикамызда балалардың өзіне-өзі қол жұмсау санының артып келе жатқанын көрсетіп отыр. А. Кравченконың мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш уақыт аралығында жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсаудың 750 дерегі мен 1146 талпыну оқиғалары болған. Өз-өзіне қол жұмсағысы келген балалардың орташа жас мөлшері 14 пен 17 жас аралығында.

«Өзіне-өзі қол жұмсауға әсер еткен себептердің сараптамасы, көбінесе, заңға байланысты туындаған кикілжің, қылмыстық жауапкершілік алдындағы қорқыныш, қандай да бір іс жасағаны үшін ата-ана алдындағы қорқыныш, мектепте жасаған ісі үшін қорқыныш осы іске итермелегенін көрсетіп берді», — деп атап көрсетті А. Кравченко.

Оның айтуынша, балалардың арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау дерегі туралы мемлекеттік органдардың мәліметтері «көбінде бір-біріне қарама-қайшы және толық емес. Жоғарыдағы деректер бойынша бірлескен статистика республикада әзірге жоқ».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті