Жарияланды: 310

Барлық шұғыл қызметтерін аяғынан тік тұрғызған телефон лаңкесі 3 жылға сотталды

Бүгін лаңкестік әрекет туралы жалған қоңырау шалып, Алматының барлық шұғыл қызметтерін аяғынан тік тұрғызған 32 жастағы азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Жасаған «еркелігі» үшін ол енді алдағы 3 жыл өмірін темір торда өткізеді.

Болат Теміров есімді азамат 15-ші маусым күні мас күйінде полицияға қоңырау шалып, Медеу шатқалында лаңкестер ойран салып жатқанын жеткізген. Мұнымен қоймай, Медеу спорт кешеніне жарылғыш зат қойылды деп ақпарат беріпті. Осылайша 14 рет қоңырау шалып, жалған ақпар берген азамат ұзаққа бармай ұсталған. Оның әрекеттерінің салдарынан Алматы қалалық құтқару қызметі, жедел-жәрдем және полицияны қоса есептегенде 36 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіріліпті. Бірақ сот соңғы уақытта осындай жағдайлар жиілеп кеткендіктен қатал жаза түрін таңдап, айыптыны 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Ерхан Тотыбай-тегі, Медеу аудандық сотының судьясы:

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 242 бабымен кінәлі деп тауып, оған осы бап бойынша 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Белгіленген жаза түзеу колониясының жалпы режимінде өтелсін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін