«Барселона» «Селтиктен» ұтылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барселона» «Селтиктен» ұтылып қалды

«Барселона» «Селтиктен» ұтылып қалды

Футболдан еурокубок жолындағы бәсекелер одан әрі жалғасады. Бүгін сіздер біздің арнадан Еуропа Лигасы аясында “Марсель” мен “Боруссия” Мюнхенгладбах  арасындағы кездесуді түнгі сағат 12-00 де тамашалай аласыздар. Ал чемпиондар лигасына келер болсақ төртінші айналым “Барселонаның” сәтсіздігімен есте қалды.

  • 9 Қараша 2012
  • 433
Фото - Caravan.kz

Каталондық клубты қабылдаған “Селтик” өз жанкүйерлері алдында нағыз ерлік жасады. Алғашқы минуттан қорғаныста сақ ойнаған шотландиялықтар 21-ші минутта Виктор Ваньяманың көмегімен есеп ашты. Үзілістен кейін шабуылмен әуестенген “Барселона” тағы бір өткір шабуылға тосқауыл бола алмады. Қақпашымен бірге-бір шыққан Тони Уотт есепті 2:0-ге жеткізді. Намысқа тырысқан қонақтар тек қосымша уақытта Мессидің голымен жауап қайырды. Бұл квартерттегі өзге кездесуде “Бенфика” 2:0 есебімен “Спартакты” жеңді.           

Әлемнің ең үздік теннисшісі Новак Джокович, Лондонда өтіп жатқан  жылдың қорытынды додасында сәтті өнер көрсетуде. Сербиялық шебер  өз тобындағы кезекті матчта әлемнің екінші ракеткасы британдық Энди Маррэйге дес бермеді.

Көпке дейін өз ойынын таба алмаған Джокович, бірінші сеттегі жеңісті қарсыласының қанжығасына байлап берді. Уақыт өте Маррэйдің олқы тұстарын дөп баса білген сербиялық,  қалған екі сетте үздік шықты.  Екі жарым сағатқа ұласқан ойын нәтижесі 4:6, 6:3 және 7:5.  Осы «А» тобындағы екінші кездесуде чех Томаш Бердых француз Жо-Уилфрид Тсонгадан  мерейін асырды. Мұндағы есеп 7:5, 3:6, 6:1.  Қатарынан екі рет ұтылған Жо-Уилфрид Тсонга үшін Лондондағы қорытынды жарыс аяқталды. Ал осы топтан  плей-оффқа жолдама алатын  үздік екі  теннисшіні үшінші турдың нәтижесі анықтап бермек.


Соңғы жаңалықтар