«Барыстың» кезекті қарсыласы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыстың» кезекті қарсыласы анықталды

«Барыстың» кезекті қарсыласы анықталды

“Челси” мен “Реал”- чемпиондар лигасының ширек финалында. Сырт алаңдағы ірі жеңістен кейін, мадридтық клубтың жеңісіне ешкім шүбә келтірген жоқ. Ал “Галатасарай” мен “Челси” арасындағы матч көпшіліктің қызығушылығын туғызғаны рас.

  • 20 Наурыз 2014
  • 180
Фото - Caravan.kz

“Стемфорд Бридж” стадионындағы кездесу алаң қожайындары үшін сәтті басталды. Не бары 3-ші минутта Самуэль Это`О лондондықтарды алға шығарды. Бірінші таймның соңына қарай Гари Кэхилл есепті еселей түсті. Үзілістен кейін қос команда қанша тырысқанымен таблодағы есеп өзгерген жоқ. Біздің арнадағы үлкен футбол көрсетілімдері бүгін де жалғасын таппақ. Түңгі сағат 1:45 те “Манчестер Юнайтед” пен “Олимпиакос” арасындағы тартысты жіберіп алмаңыздар. 

 

Шайбалы хоккейден Астананың “Барысы” Гагарин кубогы жолында Уфаның “Салават Юлаев” командасымен кездесетін болды. Бірінші турда екетеринбургтың “Автомобилистін” төрт рет жеңген Ари Пекка Селин шәкірттері алдағы матчқа дайындықты бастап кетті.

“Барыстың” екінші айналымдағы қарсыласы “Салават Юлаев” пен Ниже городсктің “Торпедо” командасы арасындағы жетінші кездесуде анықталды. Төрт жеңіске дейін жалғасатын серияда уфалықтар 4:3 есебімен жеңісті тойлады. Шешуші бәсекедегі есеп 2:1. Өз тарихында тұңғыш рет плей-оффтың екінші кезеңіне өткен “Барыс” наурыздың 21-де Астанада “Салават Юлаевты” қабылдайды.   

 


Көкшетауда бокстан республикалық турнир басталды. Наурыз мерекесі қарсаңында жалауын көтерген спорттық  шара Кеңес Одағының спорт шебері Асқар Сатыбаевты еске алуға арналды.Былғары қолғап киген жасөспірімдер үшін дәстүрлі турнир 7 ші рет өткізіліп отыр.

10 облыстан және көрші Қырғыз елінен келген жас боксшылар 4 күн бойы шаршы  алаңда күш сынаспақ. Жасынан білек күші мен ептілікті талап ететін спортқа жаны құмар жасөспірімдер үшін бұл нақты сыналар шақ. Шағын ғана ауылда түлеп өсіп,  бокстан Кеңес Одағының құрама командасында шеберлік танытқан Асқар Сатыбаевтың бокстағы жетістіктеріне қызыға қарап, бой түзеген жасөспірімдер бұл. Енді өз білек күштерін турнирде сынап, мықтының мықтысы болған жағдайда ғана арнайы 13 жүлденінің бірін иемдене алады.