Бас әскери прокуратура Арыс апатының ықтимал себептерін атады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас әскери прокуратура Арыс апатының ықтимал себептерін атады

Бас әскери прокуратура Арыс апатының ықтимал себептерін атады

 

  • 3 Шiлде 2019
  • 26
Фото - Caravan.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас әскери прокуратурасының өкілдері Арыстағы жарылыстың ықтимал себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 ҚР Бас әскери прокурордың орынбасары Дархан Ержановтың айтуына қарағанда, аталмыш төтенше оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 462 бабының 3 бөлімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бүгінге дейін 100 адамнан жауап алынған. «Аталмыш бап қару-жарақпен, айналаға қауіп төндіретін заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу фактілерін қамтиды. Абайсыздық салдарында 2 немесе одан да көп адамның өлімі тіркелсе, жауапты тұлғаларды 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — деді әскери прокуратура өкілі. ҚР Бас әскери прокурордың аға көмекшісі Еркін Қожа-Ахметтің айтуынша әскери қойма жарылысына бірнеше жайт себеп болуы мүмкін. «Арыс қаласындағы №44859 әскери бөлімнің оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстың себебі ретінде көптеген факторлар қаралып жатыр. Соның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, лауазымды тұлғалардың салғырттығы сияқты нұсқалар зерттелуде. Оқ-дәрілер сақталатын қоймалардың қауіпсіздігін сақтауға бөлінген бюджеттік қаражаттың ұтымды пайдаланылуы, жарылғыш заттардың дұрыс жиналуы тексерілуде. Қоймаларда анықталған бұзушылықтардың уақтылы жойылғаны, ал жоймаған болса, әскери қызметшілердің әрекетсіздігі жайлы іс қаралады. Тергеу кезінде жауапты тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Жоғарыда аталған саралау мен нұсқалар алдын ала болжам екенін айта кету керек», — деді ол. Бас әскери прокуратура өкілдерінің айтуынша, аталмыш тексеруді Ішкі істер министрлігінің тәжірибелі мамандары жүргізетін болады. Тергеуге жауапты органдардың жұмысын тиімді үйлестіру мақсатында әскери және аумақтық прокуратура өкілдері тартылған. Айта кетсек, ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Арыстағы апаттың шығын көлемін шамамен 20 млрд теңге деп бағалаған болатын. Қазір Арыс арқылы жүретін жолаушылар пойыздарының жүру кестесі толық қалпына келтірілген. Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен Арыстағы кәсіпкерлер 2020 жылға дейін салықтан босатылып отыр.



 

Соңғы жаңалықтар