Бас имамдар мешіттегі уағыз насихатын тоқтатып, енді зират тазалауға кірісті - Ораз Әлімбеков - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Бас имамдар мешіттегі уағыз насихатын тоқтатып, енді зират тазалауға кірісті - Ораз Әлімбеков

Бас имамдар мешіттегі уағыз насихатын тоқтатып, енді зират тазалауға кірісті - Ораз Әлімбеков

Алматы Орталық мешітінің бас имамы зираттарды тазалауға тапсырма берді. 

  • 27 Сәуiр 2023
  • 430
Фото - Caravan.kz

Ақпаратты Ораз Әлімбеков фейсбуктегі парақшасында таратты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Имамдар келесі кезекте көше мен вокзалдарды тазалайды, дейді. 

"Бас мүфти хайп қуып жүр

Алматы қаласы бойынша бас имамдар мешіттегі уағыз насихатын тоқтатып, енді зират тазалауға кірісті. Хайп қуған Бас мүфтидің бұйрығымен арзан пиардан басқа жасайтын жұмыс қалмады. Енді болашақта Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы және тапсырмасына орай көшелер мен вокзалдарда тазалық жұмыстары жасау жоспарланып отыр. Бас мүфтидің абыройы мен беделі үшін имамдар қауымы кез келген жұмысты орындауға арланбайды. Имамдар мұны істемесе қызметтен айырылып қаламыз деп қорқады. Қалайда хайп қуған мүфтидің көңілін тапсақ екен деп шапқылап жүр", деп жазды. 

Соңғы жаңалықтар