Жарияланды: 210

Бас прокуратура: «Қоғамдық орындарда есірткі қабылдап жүргендер заңмен жазаланады»

Нашақорларға қатысты тәртіп тағы күшейе түспек. Еліміздің Бас прокуратурасы қоғамдық орындарда  тек ішімдік ішіп қана емес, түрлі есірткі заттарын қабылдап жүргендерді де заңмен жазаламақшы.

Өйткені елімізде қоғамдық орындарда арақ ішіп, темекі шегуге және мас күйінде жүруге ғана тиым салынған. Ал, есірткі немесе түрлі бас айналдыратын заттарды қабылдаа алып жүру мәселесі бұл тізімге ілінбей қалған. Сондықтан Бас прокуратура мұны заңмен бекіту үшін тиісті құжатты әзірлеп жатыр. Бұған қоғамдық орындарда нашақорлардың көптеп ұсталуы себеп болыпты.

Анаргүл Асқарова, Бас прокуратура жанындағы департамент прокуроры:

- Көрші Ресей мен Белорусьте нашақорларға қатысты заң қатал. Біз де соларға сүйеніп осындай заң жобасын ұсынып отырмыз. Бұл нашақорлардың көшеде емін-еркін жүруіне тосқауыл болады деп ойлаймыз. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін