Бас прокурор Әбу-Даби Плазадағы төбелеске қатысты: екі қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокурор Әбу-Даби Плазадағы төбелеске қатысты: екі қылмыстық іс қозғалды

Бас прокурор Әбу-Даби Плазадағы төбелеске қатысты: екі қылмыстық іс қозғалды

Астанада болған жаппай төбелес бойынша екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Бас прокурор Жақып Асанов.

  • 4 Қыркүйек 2017
  • 345
Фото - Caravan.kz

"Қазіргі уақытта екі іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеудің біреуі тұрмыстық негіздегі қақтығыс бойынша, екіншісі жалған ақпарат бойынша тіркелді", — деді Асанов БАҚ өкілдеріне. 

Бас прокурор заңбұзушылыққа жол берген шетелдік жұмысшыларды еліне қайтура мәселесін сот шешетінін айтты. 

"Мұны сот шешеді, істі сотқа береміз, сонда шешеміз", — деп жауап берді Асанов.

Ал Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахмановтың айтуынша, Үндістан тарапынан ешқандай наразылық болған жоқ, олар тергеу жұмыстарының қорытындысын күтіп отыр. 

"Дипломатиялық арналар бойынша Қазақстандағы Үндістан елшілігімен тығыз қарым-қатынас орнаған. Олардың тарапынан тергеу барысына немесе қазақстандық биліктің іс-әрекетіне қатысты ешқандай наразылық түскен жоқ", — деп атап өтті министр.

2 қыркүйек күні кешкісін "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңының бақылау-өткізу бекетінде күзет компаниясы қызметкерлері мен Үндістаннан келген жұмысшылар арасында жанжал туындады. Жаппай төбелес салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған.


Жаппай төбелестен кейін оқиға орнында қоғамдық тәртіп бұзған 40-тан астам адам полицияға жеткізілді. Олардың сегізі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қалғандары профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен соң босатылды.

 

Соңғы жаңалықтар