"Қоғамдық тамақтану орындары жайлы айтатын болсақ, дәмханаларда 30 адамға дейін қабылдауға рұқсат беріледі. Бірақ тиісті ережелер орындалуы қажет. Ең бастысы — әлеуметтік қашықтық сақтау. Бірақ үйге 30-50 қонақ шақыруға тыйым салынады. Бұған дейін туған күнге қатысқан 8 адамның коронавирус жұқтырғаны айтылған еді", — деді бас санитар дәрігер.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 25 мамырда сауда орталықтары мен жазғы дәмханалар ашылатыны жайлы жазғанболатынбыз.