"Бас жүлде - сексен бес мың теңге": Нұртілеу Иманғалиұлы, Амангелді Сейітхан, Бейсен Құранбекті еске алу үшін кәсіпкер турнир өткізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бас жүлде - сексен бес мың теңге": Нұртілеу Иманғалиұлы, Амангелді Сейітхан, Бейсен Құранбекті еске алу үшін кәсіпкер турнир өткізбек

"Бас жүлде - сексен бес мың теңге": Нұртілеу Иманғалиұлы, Амангелді Сейітхан, Бейсен Құранбекті еске алу үшін кәсіпкер турнир өткізбек

Меценат, кәсіпкер Астана қаласында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өткізетіні белгілі болды. 

  • 6 Наурыз 2023
  • 6043
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Есболат Айдабосын фейсбуктегі парақшасында  жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы

Алалйда ас жүлдеге 85 мың теңге тіккен кәсіпкердің турнирі халықтың талқысына түсті. 

"Сексен бес мың немесе сайлау алдындағы сақилық

«Ұлы дала қырандары» деген республикалық әлеуметтік-мәдени қозғалыс бар. Тең төрағасы Марат Нәбиев деген азамат. Кәсіпкер, меценат. Жақында Абай Сейфуллаұлы бауырым сұхбаттасыпты. Көріп шықтым, ісі де, сөзі де мығым адам секілденді. Астана қалалық мәслихатының депутаты болуға талаптанып жатыр екен, жолы болсын! Айтайын дегенім ол емес.

Осы кісінің атынан жақында бізге хат келді. Ағаларымызды еске алмақ екен. Атап айтқанда Нұртілеу Иманғалиұлы, Амангелді Сейітхан, Бейсен Құранбекті еске алу үшін БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан турнир өткізбек. Қуанып қалдық. Бейсағаның құрметіне «Қарекет» деген команда құрғанымыз бар, жігіттер сөзге келместен «ағаның аты тұрған турнирге қатысалық» деді. «Шауып барып, шауып келетін Алматы емес, Астанада болады. Бұ қалай болар екен?» дегенімізге жастар бой бермеді, алды билет те алып тастады. Содан турнирдің жай-жапсарын білмекке ұйымдастырушыларға қоңырау шалдық. Ереже, талаптарын біліп, жүлде қорын сұрадық. Жүлдесін естігенде шыны керек шалқамыздан түсе жаздадық. Бас жүлдеге 85 000 тг (сексен бес мың) тіккелі жатыр екен. Екінші, үшінші орын онан сәл-пәл төмендеу. Бір қайнап, бір суындық. Өлген ағаларымызды аядық, тірі ағаларымыздың «мәрттігіне» таңғалдық.
Үш тау тұлғаның әрбірінің басын 28 333 теңгеден бағалапты. Неткен жомарттық?!
Мұндай сақилыққа Мекеден қонақүй салған Құнанбай жетпеген шығар-ау, сірә! Құнанбайды айтамыз ғой, алғашқы қазақ романына бәйгі тіккен Маман байдың мәрттігі мұның қасында ұсақ-түйек болып қалады расында. «Әлгі бір сұхбатында әйгілі Сағынайдың, Паң Нұрмағамбеттің ұрпағымын дейтін еді, паңдық пен сақилық сүйегіне біткен екен-ау»! – деп таңырқадық", деп жазды. 

Соңғы жаңалықтар