Баскетбол: «Астана» Қазанда УНИКС-тен басым түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баскетбол: «Астана» Қазанда УНИКС-тен басым түсті

Баскетбол: «Астана» Қазанда УНИКС-тен басым түсті

 

  • 3 Наурыз 2019
  • 8
Фото - Caravan.kz

ҚазАқпарат — «Астана» президенттік баскетбол клубы сырт алаңда ресейлік УНИКС командасынан 98:95 (21:22, 25:25, 26:20, 26:28) есебімен басым түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» «Астана» ПБК баспасөз қызметіне сілтемемен.

 «Астана» (11-6) да көшбасшылар қатарында. Жеңіске жеткен жағдайда қазақстандық клуб «Химкимен» теңесіп қалар еді. Ойынның бірінші бөлігі Эмиль Райковичтің командасы турнирлік кестеде жоғары сатыда кездейсоқ тұрмағанын көрсетті. Қарсыластар бір-бірін алысқа ұзатпай, тең өнер көрсетіп жатты. Үзіліске бір жарым минут қалғанда Энтони Клеммонстың алыстан лақтырған добының арқасында «Астана» алты ұпай алға шықты — 46:40. Қонақтардың басымдығы ұзаққа созылмады. Одан әрі қазандықтар қарсыласына еш мүмкіндік бермей, қатарынан жеті ұпай еншіледі. Төрешінің ысқырығымен қатар Трент Локеттің дәл соққысы УНИКСті есепте алға шығарды — 47:46. Үзілістен кейін ойын өрнегі өзгерген жоқ. Ойын аяғына таяу есеп — 79:79 болды. Соңғы минуттарда ақпан айының үздік ойыншысы атанған Пьеррия Хенри УНИКС ойынының тізгінін өз қолына алды. Қорғаушы 9 ұпай жинап, қазандықтарды есепте алға шығарды (матчтың аяқталуына дейін бір жарым минут қалғанда есеп 91:84 болды). Бірақ шешуші сөз Майкл Дженкинс пен «Астана» қорғанысында қалды. Қорғаушы 8 ұпай жинады, оның ішінде маңызды 3 ұпайлық та бар (ойынның аяқталуына 33 секунд қалғандағы есеп — 92:91). Ал қонақтардың қорғанысы алаң иелерінің шабуылшыларына еш мүмкіндік бермей, нәтижесінде олар небәрі 4 ұпай еншіледі. Шешуші сәтте қазақстандықтар сызық бойынан допты дөп түсіріп, 98:95 есебімен басым түсті. Осылайша, «Астана» маусымдағы 12-жеңісіне қол жеткізіп, «Химкимен» теңесті. Қазақстан чемпиондары клуб тарихындағы үздік нәтижені (13) қайталауға бір қадам жақындады.



 

Соңғы жаңалықтар