«Баспана халықта қалсын»: наразы топ 6 шілдеде елордаға жиналмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Баспана халықта қалсын»: наразы топ 6 шілдеде елордаға жиналмақ

«Баспана халықта қалсын»: наразы топ 6 шілдеде елордаға жиналмақ

Бүгін Алматыда «Баспана халықта қалсын» қозғалысының мүшелері де кезекті наразылық шарасына  шықты. «Банктер баспанамызды бопсалап тартып алуда» деген борышкерлер бұл жолы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен Мәжіліс депутаттарынан араша сұрады. Олардың пікірінше, дәл қазіргі ипотека саясаты талай отбасының берекесін қашыруға себепкер болып отыр. Борышкерлердің созылмаға айналған кезекті базынасын тілшіміз Дастан Шымырбай тыңдап келді.

  • 23 Маусым 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

Мұндай ауыр айыптарды мемлекетке арту  бүгінде борышкерлердің басты шаруасы болды. Себебі:олар көптеген жанұядағы осындай түйткілге билік араласпай отыр деп естептейді. Қаржы дағдарысы басталғанда банктердің сыртқы қарызын мемлекет мойнына алды, содан енді есін жиған қаржы ұйымдары «баспанамызды жаппай тартып алуда»дейді ашынған жұрт.

Светгүл Қадырқожаева, борышкер (Шымкент):

 — Көп проблемамыз шешілмеді. Біздің талабымыз – негізгі қарызды қалдырып, жұрттың шамасы келгенше, қанша жылға алды, сонша жылға коммуналдық  қызмет сияқты бөлім берсе, жұрт төлеп шығар еді. Біз төлемейміз деп жатқан жоқпыз, төлейміз. Бірақ алқымнан алмай, дұрыстап беру керек қой.

Борышкер Оңтүстік Қазақстаннан келген.  Үш мың адамның арызын әкепті. Сондай-ақ Талдықорғаннан да том-том арыз «Самұрық-Қазынаның» жылжымайтын мүлік қорына тапсырылды. Борышкерлер бірнеше ай бұрын Алматы қаласының прокуратурасына да осылай өтініш түсірген болатын. 

Лада Лобанова, борышкер (Алматы):


 — Біздің өтінішімізді қалалық прокуратура аудандық прокуратураға жіберіпті.
 Бес мың адамның өтініші болатын. Сосын ол Ұлттық банкке жолданған. Ал одан әркімнің қарыз алған банктеріне таратылып берілген. Осылай біздің хат қараусыз,шыр айналып жүр. 

Борышкерлердің базынасын «Самұрық-Қазынадағы» жылжымайтын мүлік қорының басшысы шығып тыңдады. Қолдан келгенше көмектесеміз дейді. 

Мұрат Иманқұлов, «Самрұқ-Қазына» ҰӘАҚ жылжымайтын мүлік қорының атқарушы директоры:

— Менің түсінігім бойынша, банктер ешкімге несиені зорлап алғызған жоқ. Бірақ, ақыры келеңсіздік болғаннан кейін шетте қалмауымыз керек. Соған қарамастан, бар кінәні үкіметке итере салуға болмайды.

Осыдан кейін борышкерлер ешкіммен сөзге келместен үйлеріне тарқасты. «Енді «Самұрық-Қазына» қорының жауабын күтеміз», — дейді. Егер мәселе қараусыз қалса, тура 6 шілде, Астана күнінде  алты өңірден елордаға наразы топтар жиналмақ. 

Соңғы жаңалықтар