Баспанаға таласқан Сейфуллин Жолбарыс пен Бақыт Шадаеваның шуы шешімін тапты ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баспанаға таласқан Сейфуллин Жолбарыс пен Бақыт Шадаеваның шуы шешімін тапты ма?

Баспанаға таласқан Сейфуллин Жолбарыс пен Бақыт Шадаеваның шуы шешімін тапты ма?

Былтыр Бақыт Шадаева, Сейфуллин Жолбарыс «үйімді тартып алды», деп айыптаған еді.

  • 24 Сәуiр 2019
  • 116
Фото - Caravan.kz

Бұл дау қазнетте қызу талқыға түскенімен, сазгерден мардымды жауап болмаған-ды. Қос тарапты тыңдап қайтқан Серікқазы Аязбаев, әріптестерді араздастырған баспана мәселесіне қатысты тың деректерді тапты.

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасы хабарлайды.

«Бақыт баспанасынан айрылды», «Сейфуллин Шадаеваға қарыз». Ғаламторда дәл осы іспеттес жазбалардан көз сүрінеді. Өзара мәселесін жалпақ жұртқа жария қылған жұлдыздардың жанжалы әлі күнге дейін мәресіне жетпеген секілді.

Бақыт Шадаева, әнші:

— Жоқ, шешілмеді. Шешілмейтін шығар деп қорқамын. Айтып отырмын ғой әркім өзінің ісіне жауап берсін. Мен өз басым жауапты күтемін. Енді ол жігіт жауап бермейді деп ойлаймын.

Бірақ барлығы Бақыт ойлағандай болмады. Жұрт арасында желдей ескен қауесеттен Сейфуллин де хабардар екен. Осы уақытқа дейін жұмған аузын ашпаған композитор, бұл жолы Шадаеваның сөзі шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Сейфуллин Жолбарыс, әнші, композитор:

— Өз аузымнан айтайын: Ол ешқандай үйге талас болған жоқ. Кезінде Бақыт Шадаевамен бір альбом жұмыс істегенмін. Бірақ ол кезде Бақыт Шадаеваның қолында емес, Бақыттың продюсері болған. Сол кісілердің шешімімен орталай шешкенбіз. Ақша жүзінде емес, менің жұмысым, еңбегім, студия, ән бәріне жұмыс ретінде берілген. Сондықтан менің еңбегіммен алған үйім деп есептеймін.

Елуді еңсерген шағында елді шулатқан Шадаева мен Сейфуллинның арасындағы шығармашылық байланыс 2000-шы жылдары өрбіген. Берілген баспана – талай күндер студияда көз майын тауысқан композитордың еңбегінің ақысы. Тіпті, даулы пәтерді баяғыда сатып, қазіргі таңда Жолбарыс жанұясымен жаңа үйде тұрып жатыр.


Сейфуллин Жолбарыс, әнші, композитор:

— Жоқ, одан кейін қанша үй алып, қанша үй ауыстырдық қой. Ол 2000-шы жылдардағы үйлеріміз ғой бірінші. Одан кейін Құдайға шүкір үй салдық. Қазір менің ғана емес, балаларымның да үйі бар!

Бүгінде Бақыттың бұл қылығын түсіне алмаған Жолбарыстың, әріптесінің әрекетіне жасаған өзіндік жорамалы да жоқ емес.

Сейфуллин Жолбарыс, әнші, композитор:

— Білмеймін, мүмкін өзіне пиар жасағаны шығар. Мен ойлаймын қазір бәрі сол пиарға қызығып кетті ғой. Хайп дей ме? Сол хайпқа қарай кетті ғой бәрі. Хайп шығар әшейін!

Соңғы жаңалықтар