Баспананың қолжетімділігі артады — Нұрбол Құрман - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баспананың қолжетімділігі артады — Нұрбол Құрман

Баспананың қолжетімділігі артады — Нұрбол Құрман

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Нұрбол Құрман пікір білдірді.

  • 16 Қаңтар 2018
  • 158
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауындағы бесінші бағыт осы мәселеге арналып отыр. Жолдауда келтірілген деректерде іске қосылған түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында елімізде баспанамен қамту көрсеткіші соңғы он жылда бір тұрғынға шаққанда 30 пайызға өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрағандығы айтылады. Ендігі меже бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу болып отыр», — дейді филиал директоры.

Сондай-ақ, Нұрбол Құрман «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында қандай жұмыстар атқарылып жатқанына тоқталып өтті.

«Осы мақсатқа жету үшін не істеу керек? Қандай шаралар қолға алынуда?» деген сұрақтарға келсек, бүгінгі таңда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында ауқымды жұмыстарды атқарып жатыр. Бір ғана дерек. Өткен жылдың желтоқсан айында Атырауда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғызылған 12 үй, яғни, 677 пәтер пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда азаматтардың ерекше қызығушылығын туғызып отырған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Атырау қаласындағы Нұрсая, Береке ықшамаудандарынан тұрғын үй құрылыстары салынып жатыр. Аталған бағдарлама азаматтарға пәтер ғана емес, жеке баспаналы болу мүмкіндігін де ұсынып отыр.

Қазіргі таңда Атыраудағы Талқайраң ауылынан тұрғын үй кешенін тұрғызу бойынша жұмыстар атқарылуда. Сәйкесінше, банк филиалында пилоттық бағдарламаға қатысушылар тізімі жасақталуда. Және қаңтар, ақпан айларында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Атырау қаласынан көп пәтерлі бірнеше тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. Елбасы Жолдауында құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды, сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдерді қолдану туралы міндеттеме қойылып отыр. Бұл мәселе қашанда біздің назарымызда келеді. Мәселен, соңғы жылдары Атырауда энергияны үнемдеуге жұмыс істейтін үйлер салына бастады. Сайып келгенде бұл жаңалықтардың барлығы азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған», — дейді ол.


Соңғы жаңалықтар