"Бастарын көтере алмайды": Желіде ораза ұстаған оқушылардың сабақта ұйықтап отырған видеосы қызу талқыға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бастарын көтере алмайды": Желіде  ораза ұстаған оқушылардың сабақта ұйықтап отырған видеосы қызу талқыға түсті

"Бастарын көтере алмайды": Желіде ораза ұстаған оқушылардың сабақта ұйықтап отырған видеосы қызу талқыға түсті

Желіде оқушылардың ораза ұстауына қатысты қарсылық танытқандар саны көбейді. Ал желіде ауыз бекіткен оқушылардың ұстазды тыңдамай сабақ үстінде ұйықтап отырған видеосы елдің тіпті қызу талқысына түсті. Оқиға Ақтау қаласында орын алған болса керек.  

  • 22 Сәуiр 2022
  • 86
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Құрметті ата-аналар, саламатсыздар ма? Мына балалардың бәрі ораза тұтып алған. Келеді да бәрі сабақ оқымай жатады, бастарын көтере алмай. Өйтіп, бастарын көтере алмайтын болса, ауыздарын ашып жіберсін. Сабақтарын оқыған, бірінші орында", деп айтылған видеода. 

"Мұғалім дұрыс айтады ораза намаз адамның жасы келген уақытта ұстаған жөн.Жас ұрпақ білімді шындаған дұрыс", "Дінмен ауырған қазақтар арабтың салтын құрмет тұтып табынғаның есі ауысқан өзінен безінген жындылықтың ең ауыр түрі тал бұтақты қалай баптап өсірсең жемісін солай береді болашақта ғылым инженер дәрігер мұғалім жоқ молда имамдардың тобырына айналған мемлекет болса қазақстан құриды", "Білім министрлігі мен діни орталық бірлесіп мектеп оқушылары арасында ораза тұту денсаулыққа , білім мен еңбек етуге тигізетін зияны тұралы түсінік жүргізу қажет", деп жазды оқырмандар. 

Еске салсақ, бұған дейін белгілі актер Ерлан Төлеутай оқушылардың ораза ұстауына тиым салу керек деген болатын. 


 

Оқушылардың ораза ұстағанын құптайсыз ба🤔

Posted by Акудайка Шомекей on Thursday, April 21, 2022

 

Соңғы жаңалықтар