Бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау мәселесі қаралып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау мәселесі қаралып жатыр

Бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау мәселесі қаралып жатыр

Көптеген дамыған елдерде бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ мүлде қолданылмаған.

  • 26 Маусым
  • 2
Фото: ЖИ

ББұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда бастауыш сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр.

Министрдің айтуынша, бүгінде БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларының сатылу фактілері анықталып жатыр. Оның сөзінше, бұл мәселеге құқықтық баға берілуі тиіс.

Критериалды бағалау жүйесі енгізілген көптеген дамыған елдерде бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ мүлде қолданылмаған. Сондықтан қазіргі кезеңде Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптарда БЖБ, ТЖБ және жалпы критериалды бағалау жүйесін алып тастау мәселесін талқылап жатыр, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр Қазақстан мектептерінде критериалды бағалау жүйесін енгізудің тиімділігіне қатысты мәселе қазір жан-жақты сараланып жатқанын айтты.

2016 жылдан бері енгізілген критериалды бағалау жүйесі өз мақсатына толық жете алмай отырғанын көріп отырмыз. Ата-аналар мен мұғалімдер қауымдастығы тарапынан оны ұйымдастыру мен іске асыруға қатысты көптеген теріс пікір айтылып жатыр, – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, бұл мәселе әлі де талданып жатыр, ал түпкілікті шешім кейінірек жарияланады.