"Басымнан бөтелкемен ұрды": Данагүл Темірсұлтанованың қызын бейтаныс жігіттер соққыға жыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Басымнан бөтелкемен ұрды": Данагүл Темірсұлтанованың қызын бейтаныс жігіттер соққыға жыққан

"Басымнан бөтелкемен ұрды": Данагүл Темірсұлтанованың қызын бейтаныс жігіттер соққыға жыққан

 

  • 5 Маусым 2019
  • 134
Фото - Caravan.kz

Белгілі актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы Айым Сейтметті екі ер адам соққының астына алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Salem Beauty бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұл жайлы актриса Данагүл Темірсұлтанованың өзі айтып берді. Өнер иесінің қызы, Yuframe жобасының қатысушысы Айым Сейтмет бұл жағдайды растаған. Басында анасы Айымның актриса болғанын құптамағанын жасырмады. Алайда, жүрегінің қалауын орындауға рұқсат еткен.

Данагүл Темірсұлтанова қызы Айым Сейтметтің сомдаған рөлдері үшін таяқ жеп қалатынын айтып ашынады. Актриса сондай оқиғалардың бірін баяндап берген болатын.

"Бұл сұмдық жағдай болған. Айым бір мейрамханада отырғанда екі жігіт "Сіз Yuframe-дегі Айымсыз ба?" деп сұрап, жұдырықпен бір қойғанын айтып бергені есімде", — дейді Данагүл Темірсұлтанова.


Айым Сейтмет өзін соққының астына алатындардың бар екенін жасырмады. Бірақ, жас актриса бұл жағдайдың себебін түсіне алмай әлек.

"Бір ретте басымнан бөтелкемен ұрған. Екінші жағдайда мені түнде соққыға жықты. Тіпті менің жаман рөлдерім болса да, ешкімнің ала жібін аттамадым. Вайндарымда жаман кейіпкерді ойнағаным есімде жоқ және ешқандай негатив болмаған сияқты", — дейді Айым Сейтмет.

Соңғы жаңалықтар