"Басына оқ тиген". Тәртіпсіздіктер кезінде жараланған алматылық оқиғасын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Басына оқ тиген". Тәртіпсіздіктер кезінде жараланған алматылық оқиғасын айтып берді

"Басына оқ тиген". Тәртіпсіздіктер кезінде жараланған алматылық оқиғасын айтып берді

Алматылық Мұстафа Дайрабай каңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жараланған. 6 қаңтарда белгісіз біреулер оқ жаудырып, оның басына оқ тиген.

  • 26 Қаңтар 2022
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Арна мәліметіне сүйенсек, 6 қаңтарда кешкі сағат 19.00 шамасында Назарбаев даңғылымен кетіп бара жатқан көлік оқтың астында қалып, салдарынан жүргізуші жараланған. Самайына оқ тиген Мұстафа Дайрабайдың айтуынша, сол сәтте көзі қарауытып, құлағы естімей қалған. Алайда дереу есін жиып, қасындағы досын қауіпсіз жерге алып шыққан.

"Көше маңында жаяу жүргіншілер жолы бар. Қорыққанымыздан сол жаққа қарай қаштық. 2-3 аялдамадай жерге жеткенде бір көлікті тоқтатып, ауруханаға апаруға көмек сұрадық. Ол бізді ауруханаға жеткізді", ‑ дейді жәбірленуші Мұстафа Дайрабай.

Осы оқиғадан кейін қажетті ем-дом алған Мұстафаның денсаулығы бүгінде біршама жақсарған. Алайда ол жәбірленушіден күдіктіге айналып кетуден қорқады, сондықтан тәртіп сақшыларына жүгінбепті. Ол біріншіден, жараланғаны, екіншіден, намаз оқитыны өзіне қарсы соққы бола ма деп сескенеді.

Алайда заңгер мұндайда қорқудың қажеті жоқ, керісінше, заңға жүгіну керек екенін айтады.


"Мұстафа ешқандай ланкестік топқа жатпайды. Ешқандай бүлік жасаған жоқ. Заңға қайшы әрекет жасаған жоқ. Ол — жәбірленуші. Сондықтан Мұстафаға еш нәрседен қорықпай, дереу Бостандық аудандық Полиция басқармасына барып, арыз жазып, өзін жәбірленуші ретінде танытып, көлігін алып шығу бойынша арыз жаздырып, көлігіне келтірілген залалды әкімшіліктен ақшасын өндіру туралы арыз жазуы керек", ‑ деді халықаралық заңгерлік компанияның директоры Ғабит Өмірбеков.

Мұндай жағдайда заңгерлер ең алдымен, сабыр сақтауға кеңес береді. Егер өзінің кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтар болса немесе өзінің кінәсіз екеніне сенімді болса, жақын жердегі полиция бөлімшесіне жүгінуге шақырады.

 

Соңғы жаңалықтар