"Басына пакет кигізіп қойған": Қостанайда қоқыс жәшігінен шақалақ табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Басына пакет кигізіп қойған": Қостанайда қоқыс жәшігінен шақалақ табылды

"Басына пакет кигізіп қойған": Қостанайда қоқыс жәшігінен шақалақ табылды

Ал көкек ана әлі табылған жоқ.

  • 25 Қараша 2019
  • 17
Фото - Caravan.kz

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәрестені дәрігерлер неге аман алып қала алмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жедел жәрдем қызметіне сағат 10-48 шамасында қоңырау келіп түсті. Жедел жәлдем көлігі оқиға орнына 10-55 уақытта, яғни жеті минутта жетті. Қоқыс жәшігінде басына пакет кигізілген шақалақ жатты. Ұл баланы көлікке алғанда "клиникалық өлім" диагнозы қойылды. Ол жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ бұл мүмкін болмады", — деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ал көкек ана әлі табылған жоқ. Нәрестенің қашан және неден қайтыс болғанын сараптама анықтайды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.


"23 қарашада Аэропорт ықшамауданындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған бала табылды. Полиция қызметкерлері қоқыс жәшігі орналасқан маңдағы үйлерді аралап, тұрғындарды сұрастыруда. Сол секілді көшедегі видеотаспадағы жазбаларды қарап жатыр, шұғыл іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Іздеу жұмысына кинолог мамандар да тартылды", — дейді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар