"Баталовтың образы мен орны Қуандықтың жанды жері": Бишімбаев пен Райымбек Баталовтың арасында не болған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Баталовтың образы мен орны Қуандықтың жанды жері": Бишімбаев пен Райымбек Баталовтың арасында не болған

"Баталовтың образы мен орны Қуандықтың жанды жері": Бишімбаев пен Райымбек Баталовтың арасында не болған

Қуандық Бишімбаев сот отырысында марқұм әйелі Салтанат Нүкенованың белгілі кәсіпкер Райымбек Баталовтың көңілдесі болғанын айтқан болатын.

  • 24 Сәуiр
  • 369
Фото: Liter.kz

Журналист Мөлдір Бақыт Бишімбаевтың осы мәлімдемесіне орай айыпталушының болмысына талдау жасап, екі ер азаматты не байланыстыратынын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Бишімбаев неге Баталовқа шүйлікті?

Кешегі сотта тараған видеода Баталовқа қатысты Бишімбаевтың Нүкенованы қыспаққа алып, езіп, езгілеп, қадалып, қанын ішіп жатқанын байқадық. Қуандық 36 жасында Ұлттық экономика министрі болған адам. Былайша айтқанда, үкіметте Премьерден кейінгі ықпалды тұлға. Бюджетті басқарды, карьерасы көз ілістірмей өсті. Ол туралы вундеркинд деген аңыз-әпсана тарады. Сырттай идеал көрінді. Барлығы қолпаштады, түкірігі жерге түскен жоқ. Ал жемқорлық үшін сотталып кеткен соң, осы көріністің күл-талқаны шықты. Тым биікте жүріп үйреніп қалған адам осы регресті көтере алмаған сыңайлы. 15-20 мың долларлап психологқа ақша шашу, көріпкелге жүгіну оның шарасыз күйде жүргенін білдірсе керек.

Терең депрессияда жанын қоярға жер таппаған секілді. Қызметтің дәмін бір тартқан адамға қиын. Ол керексіз болып қалды, ақша бөлек, мансап бөлек. Қуандық Болашақ бағдарламасымен Джордж Вашингтон университетін бизнес басқару мамандығы бойынша тәмәмдаған. Ал елдегі күллі кәсіпкерлерді қазір кім басқарып отыр? Райымбек Баталов. Осы орындыққа Бишімбаев өзін лайықты санаса керек, қиялында ол қызметте сырттай идеал адам ретінде көрінуді қатты қалаған. Бірақ, олай болмай шықты. Салтанат пен Баталовтың арасында не болғанын білмеймін. Салтанаттың Райымбек туралы сөз қозғауы қарым-қатынасқа триггер болғанға ұқсайды. Өйткені, Баталовтың образы Қуандықтың жанды жері. Образы ғана емес, орны да. Сотталушы Салтанатты мүлдем бағаламаған, күйігін басу үшін басқа да қыз-қырғынға қырғидай тиіп, жаны дамыл таппағанын сот барысында көрдік. Ол Райымбекті айтып, Салтанатты қыстап жатқанда көз алдында күл-талқан болған карьерасы мен сағымға айналған мансабы тұрғандай. Кегін кімнен аларын білмей, төмпештей берген. Жалпы Қуандықтың карьерасының өсуімен оның тұлғалық қалыптасуы кері пропорционал. Процесс тым тез жүрді. Ол моральдық тұрғыда бұған дайын болмай шықты. Егер әупірімдеп, өз күшімен өссе, басқаша болады. Өйткені, біртіндеп тәжірибемен қатар санасы жетіледі, уақыт өзі тәрбиелеп алар еді», — дейді журналист.

Соңғы жаңалықтар