Жарияланды: 560

Батырхан Шүкеновтің естелік тақтасының авторы жұмбақ жағдайда мерт болды

Батырхан Шүкеновтің естелік тақтасының авторы жұмбақ жағдайда мерт болды

Алматыда Батырхан Шүкеновтің естелік тақтасының авторы 20 жастағы суретші жұмбақ жағдайда қаза тапты.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Əзірбек хабарлады. 

"Ілия Əбдірашитов 16 тамызда таңғы сағат 4-те пəтердің терезесінен құлап кеткен. Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Мүрде қалалық мəйітханаға жеткізілді", - деді баспасөз хатшысы С.Əзірбек. 
Ілия Əбдірашитов бүгін Боралдай зиратына жерленді. 
Айта кетейік, жас суретшінің қазасы шығармашылық қауым ортасында үлкен толқу тудырды. Оның əріптестері Фейсбук əлеуметтік желісінде көңіл айту посттарын жариялауда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін