Батырхан Шүкеновтің жұбайы өміріндегі оң өзгерістер туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батырхан Шүкеновтің жұбайы өміріндегі оң өзгерістер туралы айтты

Батырхан Шүкеновтің жұбайы өміріндегі оң өзгерістер туралы айтты

Былтыр күзде мезгілсіз қайтыс болған белгілі әнші Батырхан Шүкеновтың АҚШ-та тұратын жесірі мен ұлының баспанасыз қалғаны белгілі болып, көпшілікті дүрліктірген еді.

  • 19 Қыркүйек 2016
  • 1053
Фото - Caravan.kz

Ал бүгін әншінің жалғыз ұлы Мақсұт Шүкеновтың анасымен бірге көптен күткен баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлағаны мәлім болды. Бұған қоса ұлы үшін анасы Екатерина Шелякова тағы да студент атаныпты.

Өмірлеріндегі оң өзгерістер жайлы әшінің жұбайы Екатерина Шелякова «Караванға» берген эксклюзивты сұхбатында айтып берді.

Дегенмен отбасы үшін Батырхан Шүкеновтың қазасынан кейін өткен бір жыл аса ауыр болған. Әлі күнге дейін ұлы Мақсұт екеуі Батырдың әндерін естіп қалса, тыңдай алмай екі көзге жасқа ерік береді екен.

Өкініштісі, оларға осы бір жылда Қазақстанға келіп, Батырдың зиратына баруға мүмкіндік болмапты. Енді келесі жазға жоспарлап жүрген көрінеді. Ең бастысы баспана мәселесі шешілген. Құрылыс компаниясы міндетті болмаса да түсіністікпен қарап, ақшаның бір бөлігін қайтарып беріпті.

«Сондай-ақ Батырхан Шүкенов атындағы қорды меценаттардың бірі қолдап, нәтижесінде Алматыда коцерт өткізілді. Бұған қоса, сіздердің әншілеріңіз Нұрлан Абдуллин де достарымен бірге қаржылай қол ұшын созды. Біз осы ақшалардың бәрін қосып, жақсы пәтер сатып алдық. Қазір Мақсұттың өзінің бөлмесі мен кабинеті бар. Мектепке де жақын»,- деді Екатерина Шелякова

Дегенмен отбасы әншінің әндерінен қаламақы алмайды екен. Қазір әйелі жақсы заңгер тауып, Мақсұттың Қазақстан аумағындағы мүддесін қорғауды қолға алмақшы.


«Білесіз бе, мен сіздердің ұялы байланыс компанияларыңыздан Батырдың әндеріне жазылған рингтондарды 99 центке жүктеп алуға болатынын білгенде, қатты таң қалдым»,- деді әншінің жесірі.

Қазір әншінің ұлы Мақсұт 15 жаста. Мектепте оқиды.  

Соңғы жаңалықтар