Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатында көз жұмған 11 адамның отбасыларына 1 млн теңгеден, зардап шеккендерге 500 мың теңгеден өтемақы төленді. Өтемақы облыс бюджетінен тыс қаражат есебінен аударылған.
Сонымен қатар, әкімдік зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге уәде берді. Атап айтсақ, осы апатта ата-анасынан бірдей айырылған орта мектеп түлегі облыс әкімінің білім грантын иеленбек.
Бұрын хабарланғандай, 7-мамыр күні Шиелі ауданында шағын автобус пен джип көлігі соқтығысып, 11 адам көз жұмған болатын. Түрлі деңгейде жарақат алған 8 адам ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.