Батыс Қазақстан облысында табиғи апатпен күрес әлі қарқынды жүргізіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында табиғи апатпен күрес әлі қарқынды жүргізіліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында табиғи апатпен күрес әлі қарқынды жүргізіліп жатыр

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының  Ақжайық елді мекенінде ТЖМ 20982 әскери бөлімінің ж

  • 14 Сәуiр
  • 38
Фото - Caravan.kz

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының  Ақжайық елді мекенінде ТЖМ 20982 әскери бөлімінің жиынтық тобы жағалауды нығайту жұмыстары және қапшықтарды төсеуді жүргізуде.

Сондай-ақ 14 сәуірде Қарағанды қаласы ТЖМ 52859 әскери бөлімінің жиынтық құтқару тобы Қостанай қаласынан Батыс Қазақстан облысына көшірілді. Қазіргі уақытта құтқарушылар № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Январцево елді мекенінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізуде. Жағалауды нығайту жұмыстары, сондай-ақ инертті материалы бар қапшық төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бірлескен жұмыстар жалғасуда.

Айта кетсек, 17 сәуірде Январцево ауылының су қоймасы арқылы Ресей Федерациясынан келетін судың салдарынан Жайық өзенінде су тасқынның шарықтау шегі басталады деп күтіледі. 

20-21 сәуірде Оралға су келеді деп болжануда. Осыған байланысты, Қанат Бозымбаев су тасқынына дайындалу үшін БҚО-ға қосымша 750 бірлік техника тартуды тапсырды, оның 100-і Жайық өзенінің жоғары ағысы бойынша елді мекендер үшін, 500-і Орал үшін және 150-і өзеннің төмен ағысы үшін. Бұдан басқа, елді мекендердің айналасындағы бөгеттер мен бөгет құрылыстарын нығайтуды тапсырды.

12 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі Орал қаласына қызмет көрсететін персоналы бар арнайы мақсаттағы машиналарды жөнелтуді ұйымдастырды.