Батыс Қазақстанда 230-дан астам түлек «Алтын белгіден» үміткер болып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда 230-дан астам түлек «Алтын белгіден» үміткер болып отыр

Батыс Қазақстанда 230-дан астам түлек «Алтын белгіден» үміткер болып отыр

Батыс Қазақстан облысында 376 мектепте 122 мыңнан астам оқушы білім алса, биыл соның 10 450-ы 9-сыныпты бітіріп, 6 411-і алтын ұядан түлеп ұшады.

  • 24 Мамыр
  • 7
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, 233 оқушы «Алтын белгіден», 328 түлек «Үздік аттестаттан» үміткер. 

Айгүл Әділгерейқызының сөзіне қарағанда, мектеп бітірушілер үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» іс-шарасы 25 мамыр күні өтеді.

«Мектептердің барлық 9, 11-сынып түлектері қорытынды және мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. 9-сынып бітірушілері үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 10 маусым, ал 11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихандар 28 мамыр мен 11 маусым аралығында болады. 9-сыныптарда 4 пәннен емтихан тапсырады: оқыту тілі (қазақ/орыс тілі), математика (алгебра), қазақ тілі мен әдебиеті/орыс тілі мен әдебиеті,таңдау пәні. 11-сыныптарда 5 пәннен емтихан тапсырады:оқыту тілі (қазақ/орыс/ тілі), алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті/орыс тілі мен әдебиеті,таңдау пәні. Биыл алғаш рет 5-8, 10-сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен емтихан өткізіледі», — дейді А.Мыңбаева. 

Басқарма басшысының айтуынша, түлектерге аттестаттарды табыстау рәсімі «Жолың болсын, жас түлек!» тақырыбында 14 маусым күні өтеді. 

«Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін оқушылар 6-20 мамыр аралығында тіркелді. ҰБТ 25 мамыр — 12 шілде аралығында өтеді. 

6 411 мектеп бітірушінің 5 627-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдіріп отыр. Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу «U Study» орталығының 2 пунктінде (Орал қаласы, А.Құсайынов көшесі 131/1а және Ақсай қаласы, Жастар көшесі, 29 ) өтеді»,- деді А.Мыңбаева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да неше мектеп жаңадан салынып жатқанын жазған болатынбыз.