Батыс өзінің санкциялары арқылы Ресейді Қытаймен жақындамуға итермеледі – ҚСЗИ директоры - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс өзінің санкциялары арқылы Ресейді Қытаймен жақындамуға итермеледі – ҚСЗИ директоры

Батыс өзінің санкциялары арқылы Ресейді Қытаймен жақындамуға итермеледі – ҚСЗИ директоры

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың пікірінше, қазіргі заманда елдермен санкция арқылы тілдесу тиімсіз.

  • 27 Мамыр 2014
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде санкциялар РФ экономикасының белгілі бір салаларына қарсы бағытталмаған, ол психологиялық сипатқа ие. Нақтырақ айтқанда, бұл санкциялар мақсатта ие – инвесторларды үркітіп, Ресей экономикасына қаржы салдырмау», — деді Б.Сұлтанов «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында.

Оның ойынша, бүгінде ғаламдық экономика бір-бірімен тығыз байланысып, қабысып жатыр. Сондықтан бірде-бір мемлекет кері әсерінен қорқып, экономикалық санкциялар қолданбайды.

«Санкция – аргумент емес. Кезінде КСРО-ға қатысты енгізілген көптеген санкцияларды мысалға келтіре аламын. Паровоз, станоктар, құрал-саймандар әкелуге тыйым салынғанымен, сол заманда, 30-шы жылдардың өзінде сол санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік болды. Қазіргідей жаһандану заманында санкция дегініміз — өткен замандағы құбылысты қайталау құралы ғана. ХХІ ғасырда мемлекеттердің бір-бірімен санкциялар арқылы тілдесуі ешқандай нәтиже бермейді», — деп атап өтті ол.

Б.Сұлтановтың пікірінше, Батыс РФ-на қарсы санкциялар енгізе отырып, Ресейді Қытаймен экономикалық тұрғыдан жақындасуға итермеледі. Соңғы уақытта бекітілген газ жобасы осының нақты дәлелі болса керек.


«Сондықтан, бір мемлекетке қарсы санкция қолдану арқылы сіз өз экономикаңызды дамыту мүмкіндігінен айырыласыз. Ал, әлемдік экономика жуырдағы әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарынан толық құтыла қойған жоқ. Еуропа экономикасы рецессия қарсаңында тұр. Қазір экономиканың дамуын тежеуге бағытталған кез-келген жағымсыз элемент әлемдік экономиканың құлдырауына әкеп соқтыруы мүмкін», — деп атап өтті ол. Сол себепті «экономикалық санкцияларды ойыншыққа айналдырғандардың бәрін абай болуға шақырар едім» деді сарапшы.

Сұхбатты www.interfax.kz сайтынан оқуға болады.