Мүшелікке өтуге өтініш білдірген азаматтарды партия қатарына қабылдау жөніндегі шешім 22-24-сәуірге белгіленген партияның құрылтайында шығарылады деп межеленген. Ал жаңадан құрылған Коомунистік партияға мүшелікке өтуге ниет білдіргендер саны азаяр емес.
«Қазақстан Республикасы Коммунистік партиясы (ҚРКП) КОКП жарғысындағы ең озық идеяларды басшылыққа алады»,- деді Е.Макеева. Бастамашыл топтың мүшелері Батыс Қазақстан облысындағы бұрынғы коммунистік партия мүшелерінің басым бөлігі таяу уақыттарда жаңадан қүрылған партияға мүшелікке өтеді деген сенімде. Сондай-ақ, түрлі себептермен бұрынғы ҚКП-на мүшелікке өтпегендер де жаңа партияның қатарына өтуге ниет білдіруі мүмкін дейді олар.