Жарияланды: 440

Батыс Қазақстан облысында 88 мың тонна тұқым әзірлеу көзделді

Батыс Қазақстан облысында биыл өнім мөлшерін ұлғайту мақсатымен 88 мың тонна тұқым әзірлеу көзделіп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ауылшаруашылығы департаментінен хабарлады.

Департамент мамандарының айтуынша, орақ науқаны басталар қарсаңда тұқымдар тәжірибелік-сынақтан өтуде. 100 мың гектар алқапта атқарылып жатқан бұл жұмыспен арнайы әзірленген 60 маман айналысуда. Жұмыс сапасына "Қазагроэкс" ЖАҚ-ның облыстық филиалының 7 қызметкері қадағалап отыр. "Қазагроэкс" ЖАҚ-ның облыстық филиалының директоры Ерболат Абдрахмановтың айтуынша, байқаудан өткізу жұмыстары жоғары сапалы бидай сорттары себілген учаскелерде жүргізілуде. 2002-жылы Батыс Қазақстан облысында күздік және жаздық бидайдың 70 мың тонна тұқымы әзірленген. Тұқымдар 623 мың гектарға себілді. Ал 2004-жылы астық алқаптарының көлемін арттыру көзделіп отырғандықтан дайындалатын тұқым мөлшері де арттырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть