Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Фатихолла Маштаховтың мәліметтеріне сүйенсек, Орал — Атырау тас жолында «Гольф-3» маркалы көліктің жүргізушісі жол полициясының тоқтауға берген белгісіне қарамастан қашып құтылмақшы болған.
Кейіннен жүргізушісі белгісіз бағытта ізін суытқан көлік Чапаев ауылындағы Фурманов көшесінің бойындағы бір үйдің жанынан табылған. Көлікті тексеру кезінде салмағы 120 кило тартатын бекіре тұқымдас балық табылған. Ол тәркіленіп, «Жайықтехсервис» МҚК мұздатқышына уақытша сақтауға қойылды.
Жол полициясы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, көлік Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылының 30 жастағы тұрғынына тиесілі екен. Жасырынған жүргізушіні іздеу және тұтқындау шаралары қолға алынды. Тергеу амалдарын Батыс Қазақстан облысының Ақжайық аудандық ішкі істер органы жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті