Жарияланды: 430

Батыс Қазақстан облысында екі зейнеткерді өлтіру оқиғасы орын алды

Батыс Қазақстан облысының Зеленовский ауданында облысында екі зейнеткерді өлтіру оқиғасы орын алды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ІІБ-нан KZ-today тілшісіне хабарлады.

ІІБ-ның ақпаратына сәйкес, қылмыс Чапово ауылында болған. Таңертеңгі сағат 8-де 63 жастағы зейнеткер әйел мен оның жұбайының қанға боялған мәйіті өз үйлерінен табылды. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер тобы қылмысқа күдікті 1984-жылы туған жігітті тұтқындады. Осы өңірде тұратын күдіктінің қолынан кісі өлтіру құралы болып табылатын балта, пышақ және қан жұққан киімдер тәркіленді. Аталмыш оқиға бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін