Жарияланды: 750

Батыс Қазақстан облысында Ресейдің шекаралық облыстарының экономика және мәдениет күндері өтеді

Маусым айында Батыс Қазақстан облысында Ресейдің шекаралық облыстарының экономика және мәдениет күндері өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық әкімшіліктің сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы Қайыржан Идиятов хабарлады.

Оның айтуынша, 3-4-маусымда Саратов , 8-9-маусымда Самара, 17-18-маусымда Орынбор, 1-2-шілдеде Волгоград облысының экономика және мәдениет күндері өтеді. Көршілес облыс өкілдерінің сапары барысында іскерлік байланыстар биржасы ұйымдастырылып, Батыс Қазақстандық және Ресейлік іскерлерлік әлемі өкілдеріне арналған семинар өтеді. Көршілес облыстардың шығармашылық ұжымдары Батыс Қазақстан облысында концерттік бағдарламаларды ортаға салады. Ресей облыстарының губернаторлары мен Батыс Қазақстан облысының әкімі 2004-2005-жылдарға арналған ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қояды. Қазақстандағы Ресей жылы аясында Батыс Қазақстан облысында Ресейдің шекаралық облыстарының қатысуымен 50-ден астам ауқымды шара өткізу жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін