Батыс Қазақстан облысында "Урал ойл энд газ" компаниясы "Федоров лицензиялық блогындағы" барлау жұмыстарының жобасын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында "Урал ойл энд газ" компаниясы "Федоров лицензиялық блогындағы" барлау жұмыстарының жобасын жасады

Батыс Қазақстан облысында "Урал ойл энд газ" компаниясы "Федоров лицензиялық блогындағы" барлау жұмыстарының жобасын жасады

Батыс Қазақстан облысында "Урал ойл энд газ" компаниясы "Федоров лицензиялық блогындағы" барлау жұмыстарының жобасын жасады. Мұнда жобалық тереңдігі 5200-6050 метр аралығындағы 12 ұңғы салу жоспарланған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Урал ойл энд газ" компаниясынан хабарлады.

  • 11 Қыркүйек 2003
  • 714
Фото - Caravan.kz

Компания ақпаратына сәйкес, тереңнен бұрғылау жұмыстарын жолға қоюға бағытталған айрықша маңызды құрылымдар ретінде Жайық, Жарсуат және Рожковская учаскелері таңдалды.

Қазіргі жағдаймен «Урал ойл энд газ» компаниясы алғашқы екі ұңғыны салуға тендер өткізді. Теңдердің жеңімпазы — Атыраудың «Прикаспийбурнефть-Қазақстан» ЖШС Жайық алаңындағы жобалық тереңдігі 6050 метрлік ұңғыға арналған бұрғылау жабдықтарын тасымалдап құрастыруға кірісті. Бұл құрылым Қарашығанақтан солтүстік-батысқа қарай 90 шақырымда, ал Чинаревский кенішінен оңтүстік- батысқа қарай 40 шақырымда ораласқан.
Сондай-ақ, «Урал ойл энд газ» ЖШС жобалық тереңдігі 5200 метрлік екінші ұңғыны игеруге кіріспек. Бұл ұңғы 2004-жылы бұрғылана бастауы тиіс. Сонымен бірге компания осындағы келешегі бар басқа да нысандарды бұрғылауға дайындау үшін дәлдігі жоғары сейсмологиялық барлау жүргізу, Федоров блогы аясындағы көмірсутегі шикізатының қорын нақтылау жұмыстарымен айналыспақ ниетте.
«Урал ойл энд газ» ЖШС өз іс-қызметін 2001-жылы бастаған. Кәсіпорын жалпы аумағы 3198 шаршы шақырымды құрайтын, Зеленовский, Теректі және Бөрілі аудандарының аумағын алып жатқан Федоров лицензиялық блогындағы көмірсутегі шикізатын барлау жөнінде ҚР үкіметімен келісім-шартқа отырған. Қазіргі жағдаймен жаңаша сейсмикалық зерттеулер жүргізуге саятын барлау жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды.