Жарияланды: 480

Батыс Қазақстан облысында жалақы берешегі 300 млн. теңгеден асады

Батыс Қазақстан облысында ірі және орташа кәсіпорындардың жұмысшы-қызметкерлер алдындағы жалақы берешегі 304,5 млн. теңгені құрайды. Оның 262,7 млн. теңгесі үш айдан асқан жалақы берешегі. Бұл туралы облыстық статистикалық басқармасынан хабарлады.

Статбасқарма хабарламасына сәйкес, мерзімі өткен жалақы берешегінің 91,8% -і Оралдық кәсіпорындар мен ұйымдардың, 3,6%-і Бөрлі ауданының, 1,1%-і Зеленовский ауданының үлесінде. Облыстың басқа аудандарында жалақы берешегі жоқ. Ал жалақы берешегін экономикалық салалар бойынша қарастырсақ, мерзімі өткен жалақы берешегінің 89,4 проценті өнеркәсіптің, 4,4 проценті ауылшаруашылығының үлесінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть