Жарияланды: 420

Батыс Қазақстан облысында жергілікті атқарушы мекемелердің 365 актісі күшін жойды

Батыс Қазақстан облысында прокурордың қарсылығы бойынша биылғы жыл басынан бері жергілікті атқарушы мекемелердің 365 актісі күшін жойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық прокуроры Әбдіқадыр Кәрім хабарлады.

Осы орайда облыстық прокурор жергілікті мемлекеттік мекемелердің прокурор қарсылығын қанағаттандырудан себепсіз бас тартатынын атап көрсетті. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында прокурорлар әртүрлі деңгейдегі әкімдердің 28 шешімін, сондай-ақ, кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін бақылаушы органдардың 33 шешімін қуатсыз еткен. Ә.Кәрімнің айтуынша, Бөрлі аудандық прокурорының талабымен аталмыш аудан әкімінің азаматтардың конституциялық құқығын аяқ асты ететін 31 актісі күшін жойған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть