Батыс Қазақстан облысының әкімі Орал қаласы әкімінің алдағы отставкасы жөніндегі ақпаратты растамады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысының әкімі Орал қаласы әкімінің алдағы отставкасы жөніндегі ақпаратты растамады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Орал қаласы әкімінің алдағы отставкасы жөніндегі ақпаратты растамады

Орал. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Орал қаласының әкімі Сағынбек Мұташевтың алдағы отставкасы туралы кейбір жергілікті газеттер таратқан ақпаратты растамады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 749
Фото - Caravan.kz

«Қала әкімі жұмысын істеуде. Әртүрлі қаңқу сөздер жүр. Жаңа адам тағайындала салысымен келесі күні оның отставкасы жайында әңгімелей бастайды. Мүмкін, адамдар менің де отставкам жайында айтып жүрген болар», — деді тілшілерге Б. Ізмұхамбетов.

Соның арасында жергілікті бірнеше газетте Орал қаласының әкімі өзін облыстық ҰҚК департаментіне шақырғаннан кейін отставкаға кету жөніндегі рапорт тапсырды деген ақпарат жарияланды.

Б. Ізмұхамбетов отставкаға кету жөніндегі рапорт тапсыру дерегін растамады. Сонымен бірге, ол қала әкіміне бірқатар талап қойылатынын ескертті. «Қателіктер бар екенін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Мәселен, көптеген жылдар бойы қалалық мәдениет және демалыс саябағы тазаланбаған. Оның соңғы рет қашан тазаланғанын мен білмеймін. Саябақ үлкен қоқысқа айналған. Соңғы үш-төрт күн ішінде біз ол жерден жүзедеген көлік қоқыс шығардық. Бұл қаланың санитарлық жағдайының нашарлығын көрсетсе керек», — деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті