Әкімдік мәліметтеріне сүйенсек, бұл негізінен қазақ тілі бойынша оқу құралдары мен қазақ жазушыларының көркем әдебиеттері болады. Кітаптар Саратов облысында тұратын қазақ диаспорасының өтініші бойынша облыс кітапханаларына сыйға беріледі.
«Біздің Александров-Гай ауданының халқының 53 пайызы қазақтар. Бұрын болған мәдени байланыстар шекара орнағаннан кейін бұзылған. Біз тарихи Отанымызбен байланыс орнатып, рухани азық алғымыз келеді. Бұл бірінші кезекте қазақ тіліндегі әдебиетпен, Қазақстан туралы әдебиетпен байланысты», — деп мәлімдеді Саратов облысының Александров-Гай ауданының «Достық» қоғамының төрайымы Роза Нұрмұхамбетова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті