Жарияланды: 260

Батыс Қазақстан прокуратурасы ауруханада көз жұмған сотталушының өлімін тергеуде

Батыс Қазақстан прокуратурасы ауруханада көз жұмған сотталушының өлімін тергеуде

Ер адам мидың іріңдеуінен қаза тапқан


 Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы Оралда ауруханада көз жұмған қамалушының өлімі себептерін тергеуде, деп хабарлайды өңірлік "Мой город" басылымы. Владислав Погодаев Орал ауруханасына жатқызылған соң, 31 мамырда қаза тапқан.  "Владислав Погодаевтың өлімі дерегі бойынша, сол күні сот алды тергеу ісі басталып, өлім себептерін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалды, мән-жайды анықтау үшін тиісті тергеу шаралары жүргізілуде", — деп түсіндірді БҚО прокуратурасында.

Басылым берген мәлімет бойынша, ер адамның туыстары қамалушы жазасын өткеріп жатқан Ру-170/2 колониясы әкімшілігін салғырттығы үшін айыптайды. Олардың пікірінше, Погодаевқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген. Облыстық прокуратура хабарлағандай, арнайы прокурор қайтыс болған қамалушының анасы берген деректерді тексеріп, колониядағы медициналық көмек көрсету сапасына баға беріледі.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін